ҚХП депутаты Ислам Сұңқар жастармен еркін форматта кездесу өткізді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, қазіргі таңда Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаты болып қызмет етіп жүрген Ислам Сұңқар өзіне ыстық білім ордасына арнайы барып, студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы – «Жастардың саясаттағы мүмкіндіктері» болды.

Шара еркін әрі достық атмосферада өтті. Бұл студенттерге қонақпен ашық пікір алмасуға, өздерін қызықтырған сұрақтарды еркін қоюға мүмкіндік берді. Әңгіме барысында Ислам Сұңқар кәсіби және қоғамдық-саяси жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, ел өміріне белсене араласқысы келетін жаңа буынның алдындағы қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы айтты.

1

– Нағыз лидер болу үшін азаматтық ұстанымың берік, ойың дербес, белсенді және өз пікіріңді қорғай білу қажет, – деді депутат.

2

Студенттер Ислам Сұңқардың сөзін үлкен қызығушылықпен тыңдап, саясаттағы білімнің рөлі мен жастардың «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруға нақты араласу мүмкіндігі туралы сұрақтар қойды.

Кездесу соңында Ислам Сұңқар университет ұстаздарына, әсіресе кездесуді ұйымдастырған орыс филологиясы кафедрасының ұжымына алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол студенттерге білімге ұмтылуды, өз күшіне сенуді және қоғамдық өмірге белсенді қатысуды тіледі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy