Депутаттар «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын талқылап жатыр

dep.jpg

Мәжіліс «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын әзірлеуді жалғастырып жатыр. Бейсенбі күні жұмыс тобының кезекті отырысын оның жетекшісі – ҚХП фракциясының басшысы, Сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов кезекті отырысты өткізді.

Талқылау қорытындысында Мәжіліс депутаты отырыстың мазмұнды әрі нәтижелі өткенін, пікір алмасудың да мазмұнды, әрі белсенді болғанын атап өтті.

– Бізге түрлі хаттар мен өтініштер келіп түсіп жатыр, әлеуметтік желілерде де көптеген пікірлер жазылуда. Мұны мен елде жүргізіліп жатқан реформалардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік пен кепілдік жасап отырғанының айғағы деп санаймын, - деді депутат.

Жұмыс тобының отырыстарында белгілі бір азаматтық топтар ұсынған заңнамалық түзетулер талқылануда. Депутаттың пікірінше, бұл – елімізде әр азаматтың өз пікірін білдіруге және азаматтық еркін жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенінің айқын дәлелі.

– Алайда осы маңызды жетістіктердің арасында бір өте маңызды жайт жетіспейді. Азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы оның Конституцияда белгіленген міндеттерін орындаумен тікелей байланысты. Осы тепе-теңдік қана қоғамда орынды тәртіп орнатады, - деп атап өтті Магеррамов.

Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, мұны бәрі бірдей түсіне бермейді. Мәжілісменнің айтуынша, мұның себебі – құқықтық сауаттың төмендігі мен тиісті білімнің жеткіліксіздігі.

– Сондықтан құқықтық тәрбиені, менің ойымша, мектеп жасынан бастап қалыптастыру қажет. Құқық, бостандық пен міндеттердің өзара бірлігін айқын түсінуді үйрету маңызды, - деп түйіндеді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy