Қыс мезгіліне дайындық

ҚХП Қостанай облыстық филиалында елді мекендерді қысқы кезеңге дайындау мәселелері бойынша диалогтық жиын өтті. Оған жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, коммуналдық құрылымдардың қызметкерлері, облыстың МИБ және ҚТ басшылары, сондай-ақ филиал белсенділері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша баяндамаларын тыңдап, одан кейін Төтенше жағдайлар департаментінің қысқы кезеңге дайындығын талқылауға көшті. Бірлестік төрағалары жыл сайын қайталанатын мәселелерге тоқталды.

1

«Көптеген бірлестіктердің техника сатып алуға және қар тазалауға көлік ақысын төлеуге қаражаты жетпейді. Қаражаттың басым бөлігі тұрғын үйлердің шатыры мен коммуникацияларын жөндеуге жұмсалады», - деп наразылық білдірді олар.

1


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy