Құқықтық көмек

Қазақстан халық партиясының Ақмола облыстық филиалы құқық қорғау органдарымен және құқықтық құрылымдармен меморандум жасастты. Бұл жаңа бастама киберқылмыскерлердің құрбаны болған азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған.

Кездесу барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекин, «AIDEM» заңгерлік кеңсесінің меңгерушісі Әнуарбек Бахманов және ҚХП Ақмола облыстық филиалының төрағасы Арман Тастамбеков үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – интернет алаяқтарынан зардап шеккен азаматтардың қарыз жүктемесін азайту.

1

«Осы меморандумға қол қою арқылы біз адамдарға шын мәнінде көмектесуге бағытталған жобаны бастаймыз. Біздің қоғамдық қабылдау және заң кабинетіміз зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау үшін тегін заңгерлік және консультативтік көмек көрсетеді», - деп нақтылады А.Тастамбеков.

2

Полиция полковнигі Бақтияр Өтекин өз кезегінде интернет-қылмыспен күресте түрлі құрылымдардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығына тоқталып, бұл жобаның азаматтарымыз үшін тиімді әрі нақты қолдау болатынына сенім білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy