ҚХП белсенділері интернет алаяқтыққа қарсы акция өткізді

ҚХП белсенділері Астана қаласының киберполиция қызметімен бірлесіп, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тегін заң кеңесін ұсыну бойынша көшпелі акция ұйымдастырды.

1

Іс-шара барысында орталыққа келген азаматтарға онлайн сауда кезіндегі тұтынушы құқықтарын қорғау, цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану және интернет алаяқтықтан сақтану бойынша кәсіби кеңестер берілді.

2

– Біз әсіресе егде жастағы адамдар мен әлеуметтік осал топтарға киберқауіпсіздік негіздері мен жеке деректерді қорғау туралы түсіндіруге ерекше көңіл бөлеміз, – деді акция ұйымдастырушылары.

3

Бұл шара ҚХП-ның әлеуметтік-ағартушылық жұмысы аясында жүзеге асырылуда.

4

– Біздің мақсат – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, – деп атап өтті партия өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy