Қызылордадағы «Арман» инклюзивті театрына қолдау қажет

Қазақстан Халық партиясына Қызылорда қаласында ашылған «Арман» инклюзивті театрының өкілдері жүгінді. Ерекше қажеттілігі бар актерлерге білім алуға және сахнаны мобильді лифтпен жабдықтауға көмек қажет. Мүгедектігі бар, бірақ тек тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды тасымалдайтын «Инватакси» қызметінен де мәселе туындап тұр.

Осы мәселелерді шешу үшін «Инклюзивті шығармашылық» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі Талғат Телеубаев Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжанмен кездесті. Ол «Арман» театрының қызметін таныстырып, ҚХП қабылдау бөлмесіне арыз-шағымын жолдады.

– Театрда арнайы білімі бар адамдар жұмыс істеуі керек, – деп атап өтті Талғат Телеубаев. – Біз жоғары оқу орнымен мүгедектігі бар адамдарға білім беру бойынша келісім жүргізіп жатырмыз.

Мәселе мынада: Оқу ақылы. Жоғары оқу орны мүгедектігі бар адамдарға тек 30% жеңілдік жасай алады. Мүгедектікке байланысты берілетін зейнетақымен оқу ақысын өтеу мүмкін емес. С. Майқанов атындағы Мәдениет үйінде орналасқан «Арман» инклюзивті театрында мобильді көтергіштің болмауы да мәселе туғызып тұр.

– Бізде кем дегенде осындай бір жабдық болуы керек, – деп нақтылады Т. Телеубаев. – Театр гастрольге шығады деп жоспарлап отырмыз. Ал Мәдениет үйлері тиісінше жабдықталмаған. Мәселені мобильді көтергіш арқылы ғана шешуге болады.

Үшінші мәселе – «Инватакси» қызметі. «Арман» театрының актерлері қаланың түрлі аудандарында тұрады. Оларға театрға дайындыққа келі оңай шаруа емес. «Инватакси» 1 топқа жататын мүгедектігі бар адамдарға ғана қызмет көрсетеді.

– Актерлер жұмысқа немесе үйге қалай баратыны туралы емес, шығармашылық туралы ойлануы керек деп санаймыз, – деді Т.Телеубаев.

Инклюзивті театр құру мүгедек адамдарды әлеуметтендірудің жақсы тәсілі. Инфрақұрылымның болмауының салдарынан мүгедектігі бар адамдардың жасанды кедергілерге тап болуы көңілге қаяу саладыг.

– Өнер тек әсер ету күшіне ғана емес, терапияға да ие, – деп атап өтті Т.Телеубаев. – Біздің қоғамда дені сау адам мүгедектігі бар адамды түсінбейді деген ұғым бар. Мүгедектігі бар адамға мүгедек ретінде емес, адам ретінде қарау керек.

ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейітжан «Арман» театры актерлерінің мәселесін шешу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға уәде берді. Мәжілісмен мұндай театрларға заңнамалық қолдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, «Инклюзивті театр» термині Мәдениет туралы заңда және басқа заңнаматық актілерде болуы керек.

– Бұл термин енгізілгенше мемлекеттен қолдау болмайды, – деді К. Сейітжан. – Қазір ешқандай қолдау жоқ.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy