Қауіпсіздік үшін!

Қазақстан Халық партиясы «Халық үні» жобасы аясындағы жұмысын жалғастыруда. Бұл жоба тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚХП Алматы облыстық филиалы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында «Қоғамдық қауіпсіздік: көше жарығы және учаскелік инспекторлардың жұмысы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында партия өкілдері ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау үшін тіркеді.

1

– Қоғамдық бақылау кезінде көше жарығына қатысты мәселелер анықталды. Тұрғындар жарықтың жеткіліксіздігі қауіпсіздік деңгейіне әсер ететінін және кешкі уақытта қолайсыздық туғызатынын айтты, – деді ұйымдастырушылар.

2

Ұлытау облыстық филиалы да учаскелік полиция инспекторларының жұмысын және олардың халықпен байланысын тексерді. Партия мүшелері қабылдау уақыты мен байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақтайшалардың болуын және мазмұнын, полиция пунктері маңындағы жарықтандыру деңгейін тексерді, сондай-ақ осы мәселеге қатысты жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Мониторинг нәтижесінде ұсыныстар мен қорытындылар негізінде талдамалық есеп әзірленіп, ол ішкі істер органдарына жолданатын болады.

3

– Мониторингтің басты мақсаты – тұрғындардың өз учаскелік инспекторларын қаншалықты білетінін анықтау еді. Сондай-ақ, учаскелік полиция пунктерінің орналасқан жері мен жұмысы туралы ақпараттың қаншалықты қолжетімді екеніне баға беру болды, – деп атап өтті партия мүшелері.

Қостанай облыстық филиалы да Қостанай қаласындағы учаскелік инспекторлардың қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізді. Азаматтар арасында сауалнама ұйымдастырылып, тұрғындар инспекторлардың жұмысын бағалап, оң тұстарымен қатар шешуді қажет ететін мәселелерді де анықтады. Кейін партия өкілдері полиция қызметкерлері, белсенділер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Жиында коммуналдық және құқық қорғау қызметтерінің жұмысын жетілдіру жөніндегі тұрғындардың ұсыныстары талқыланды.

4

– Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті қоғамдастықтар үшін өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді, – деп атап өтті ҚХП өкілдері.

5


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy