Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі

dep.jpg

Елдегі тәртіпті қалай қамтамасыз ету керек? Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге жеке-жеке тоқталды.

«Заң мен тәртіп» қағидасы халықтың санасына терең орнығуға тиіс. Ол үшін кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын берік ұстану қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық деңгейде ұйымдастырылуы керек», - деді Президент.

Бұл үшін заңнамалық база толықтай жасақталған. Ендігі жерде құқықтық базаны қолдану тәжірибесі мен қазақстандықтардың санасын жаңғырту мәселесі бойынша жұмыс істеу қажет.

«Зорлық-зомбылық қалыпты жағдайға айналмауы керек», - дейді ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов.

Мәжілісмен күнделікті жаңалықтар лентасы зорлық-зомбылық туралы ақпаратқа толы екенін атап өтті: балабақшада екі әйел балалардың көзінше төбелескен, жасөспірімдер кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғып, қабырғаларын сындырған, тістеріндегі брекеттерді қағып кеткен... Осыған ұқсас мысалдар көп.

«Өкінішке қарай, біздің қоғам бүгінде мұндай жаңалықтарға аса таң қалмайды. Дегенмен, бұл қалыпты жағдайға айналмауы керек», - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, үлкендер өз мәселелерін зорлық-зомбылық арқылы шешетіндіктен, ересектерге еліктеген жасөспірімдер арасында да күнделікті өмірде зорлық-зомбылық, агрессия күшейіп отыр.

«Біз «Заң және тәртіп» принципінің үстемдігі әрқайсымыздан басталатынын есте сақтауымыз керек. Әрбір ересек адам – жас ұрпаққа үлгі. Біз балаларымыздың заң үстемдігі қағидаттарына саналы түрде келуі үшін жауаптымыз», - деді Магеррамов.

Жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін санаға әлеуметтік, құқықтық және моральдық жауапкершілікті енгізу қажет.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy