Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және құқықтық реформа комитетінің хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте дәріс оқыды. Лекция Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі заң шығару процесі тақырыбында өтті.
Мәжілісмен дәріс барысында нормативтік-құқықтық құжаттардың қалай жазылатыны, талқыланатыны және қабылданатыны, соның ішінде заң жобаларын қарау тәртібі, жұмыс топтарының қызметі, бірлескен отырыстар өткізу және конституциялық заңдарды қабылдау мәселелерін баяндап берді.
«Студенттер талқыланған тақырыпқа ерекше қызығушылық танытты. Олар белсенді түрде өз сұрақтар қойды, ал мен оларға заңнамалық жұмыстың әртүрлі аспектілері мен оларды қызықтыратын тақырыптарды қамти отырып егжей-тегжейлі жауап беруге тырыстым», - деп қорытындылады фракция жетекшісі.