
Парламентаризм институты базасында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, аталған құжат бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов қатысты.
Өткен талқылауға пікір білдірген Мәжіліс депутаты қаралып отырған заң жобасы – табиғаты ұқсас қатынастарды реттейтін барлық заңдарды біріктіріп, біртұтас жинаққа топтастырудың нәтижесі екенін айтты.
– Мұндай тәсілді мен толық қолдаймын. Біз әр тарапқа шашыраған, жүйесіз, көлемді әрі сансыз көп нормалар мен заңдардан арылуымыз керек, – деп атап өтті Магеррамов.
Депутаттың пікірінше, мұндай құқықтық актілерді біріктіру қолданушылардың жұмысын жеңілдетіп, соның нәтижесінде жәбірленушілердің құқықтарын қорғау рәсімін де оңайлатады.
– Айта кетерлігі, әзірленген заң жобасы әлеуметтік-профилактикалық қырын күшейтеді, виктимологиялық тәсілді енгізеді, цифрлық платформаларды бекітеді және бірыңғай үйлестіруші орталық құрады. Бұл әсіресе маңызды, өйткені құжат құқық бұзушылықтардың алдын алумен айналысатын субъектілер санын кеңейтеді. Ал олардың іс-әрекеттерін үйлестіру үшін ортақ тетік қажет, – деді депутат.
@halyk_partiyasy