Қазақстан Халық партиясының өкілі Бекзат Есенғожин Атырау қаласында өткен мәслихат депутаттарының сайлауында жеңіске жетті. Ол бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ұйымдастырылған сайлауда №12 округте 3000-ға жуық сайлаушының дауысын жинады. Бұл ақпаратты Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы растады.
Бекзат Есенғожин «Еңбек қатынастары және консалтинг басқармасы» ЖШС-де қызмет етеді. Ол «Kazakh Construction Group» және Қашаған газ өңдеу зауытында әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беріп, әлеуметтік даму саласында жұмыс жүргізеді. Оның қызметі кәсіпорындағы тұрақты еңбек ұжымын қалыптастыруға, ұйым мәдениетін дамытуға, еңбеккерлердің мотивациясын арттыруға және олардың өндірістік әрі әлеуметтік белсенділігін көтеруге бағытталған. Бұған дейін болашақ мәслихат депутаты Тараз қаласындағы «ГПК Казфосфат» ЖШС және өңірдің басқа да кәсіпорындарында осыған ұқсас қызметтер атқарған.
Партия өкілінің жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!