Өзара байланысты күшейту

ҚХП Орталық аппаратында партия төрағасының бірінші орынбасары Мирас Әукенов пен Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаевтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында партия құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың өзара байланысын нығайту перспективалары талқыланды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жұмысшылардың құқығын қорғау және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

1

Жаңбырбай Матаев өз өңіріндегі халықтың мәселесін жақсы біледі. Бұрғылау саласында жұмыс істеген, мұнай саласында инженер болды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымымен айналысты, ҚР Ұлттық өнеркәсіп палатасы басқарма төрағасының орынбасары және т.б. қызметтер атқарды. Матаев 2023 жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау облыстық мәслихатын басқарып келеді.

Бұл кездесу алғашқы да, соңғы да емес. Қазақстан Халық партиясы халық мүддесі үшін ортақ мақсаттарға қол жеткізу және жұмыс тиімділігін арттыру жолында күш-жігерді біріктіре отырып, облыстық атқарушы органдар мен өкілетті билік өкілдерімен сындарлы диалог құру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

– Біз бірлесіп өңірлердің дамуын және әрбір азамат үшін лайықты болашақты қамтамасыз ете аламыз! – деп атап өтті партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy