ҚХП Астанада тегін заңгерлік көмек көрсету жұмысын бастады

dep.jpg

ҚХП елордада әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқығын қорғау орталығының пилоттық жобасын іске қосты. Мұнда интернет алаяқтарының әрекетінен, заңсыз жұмыстан босату және өзге де құқық бұзушылықтардан зардап шеккен азаматтарға заңгерлік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ заң бойынша тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу ісі бойынша қолдау шаралары қарастырылған.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету (кеңес беру, арыз-өтініштер мен талап-арыздар дайындау және т.б.);
  • «жедел желі» мен онлайн-кеңес беру қызметін ұйымдастыру;
  • қажетті құжаттарды рәсімдеуде заңгерлік сүйемелдеу;
  • халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Заңгерлік кеңес әр апта сайын жұма күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кеңес алу үшін алдын ала жазылу қажет. Ол үшін WhatsApp арқылы +7 701 526 0768 нөміріне немесе info@halykpartiyasy.kz электронды поштасына өтініш жолдау керек. Қабылдау өтініштердің түсу ретіне сәйкес жүргізіледі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy