«Жаңа Қазақстан» тек ұранға айналып бара ма?

dep.jpg «Жаңа Қазақстан» құр ұранға айналып барады. Өңір жұртына айтып отырған бағдарламаның иісі де бармаған. Жергілікті әкімдер жылы жерлерінде әлі отыр. Ал халық болса шырылдап мәселесін шеше алмай жүр.

Өткен аптада Қазақстан Халық партиясы фракция депутаттары өңірдің экономикалық дамуын, жаңа парадигмасымен танысу үшін Павлодар облысына барды. Осы сапар барысында 500-ден астам азамат мен біраз ұжым депутаттардан кеңес алды. Қолдау сұрады. Фракция депутаты Ирина Смирнова Павлодар өңіріндегі бірқатар мәселелерді жіктеп берді.

Қазфлот» жеке кәсіпкерлігі Ертіс өзені арқылы Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынасын жүргізіп жүр. Былтырғы тауар айналымы 92 млн тоннаға жетті. Оларда бары-жоғы 17 барж, 7 кеме, және қалқыма кранмен жұмыс істеп жүр. Кәсіпкерге мемлекеттен бір тиын қолдау жоқ. Жүк көтеретін құрылғы керек. Логистика да бизнесті тежеп тұр. Одан бөлек Ертіс өзенін балдырдан тазалау керек. Сондай-ақ өңірде қыздырылған мұнай коксын өндіретін "УПНК-ПВ" ЖШС-і бар. Коммуналдық инфрақұрылым мәселесі әлі шешілмей келеді. Шаруалар болса кәсіптерін дамыту үшін несие ала-алмай жүр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басты өтінішінің бірі-аграрлық сектор кәсіпорындарын қаржыландыру үшін мамандандырылған Агробанк құру керек. Одан бөлек Павлодардағы 10 аурухананы диеталық тамақпен қамтамасыз етіп отырған кәсіптің жұмысына кедергі көп. Елдегі қымбатшылыққа қарамастан жеке кәсіп 2019 жылғы келісілген бағамен жұмыс істеп шығынға батып отыр. Тозығы жеткен тұрғын үй мәселесі де депутатқа жетті. Ондағы шырылдаған халық далада қалу қауіпі бар. Онокология дертімен күресіп жүрген науқастар емделуі үшін тіркеуге тұра алмай жүр. Сөздерінші құжат жинау процесі қиын.

  • Әкімдіктер халық үшін жұмыс істемейді. Бұл жұмыстың мүлдем жасалмай жатқандығын дәлелдейді,- деп түйіндеді сөзін Ирина Смирнова

Осы орайда Қазақстан Халық партиясы фракция депутаттары өңірде бюджет қаражатын игеруді тексеру, кәсіпкерлердің мәселесін қарайтын арнайы штаб құруды ұсынды. Шығынан көз ашпай келе жатқан министрліктің салаларын қысқарту керек деп санайды.

  • Мүмкін Үкімет кабинетіне жаңа кадрлық саясатты іске асыру керек шығар. Орындары ғана ауысатын кадр емес: партия, бизнес, қауымдастықтағы білікті мамандары шақыруы керек. Бізде де лайықты кандидат бар, - деген ұсыныс айтты мәжілісмен.

Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy