Жаңа сайланған аудан әкімдеріне қызметтік куәлік тапсырылды

Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют, Есіл, Тимирязев аудандарының жаңа сайланған әкімдеріне ресми түрде куәліктер табысталды.

Қазақстан Халық партиясы атынан ұсынылған кандидат Елена Степаненко сайлаушылардың басым дауысына ие болды. Ол 7000 -нан астам тұрғыны бар Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалды.

1

Мамлют ауданына қарасты 37 ауылдық округ бар. Аталған ауданда 8 мыңнан астам сайлаушы сайлауға қатысты. Елена Степаненко 82,5% дауыс жинап, жеңіске жетті.

2

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Данголе Могунова ауданның жаңа әкімі Елена Степаненконы аудан активіне таныстырып, арнайы қызметтік куәлік табыстады.

3


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy