Жаңа жыл - жаңа жоспарлар кезеңі

Парламенттегі Қазақстан Халық партиясы фракциясы жаңа жылдағы алғашқы отырысын өткізді.

Фракция жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, ҚХП депутаттары алдағы жобаларды талқылаған.

«Біз өңірлерге жасаған сапарымыздың қорытындысын шығарып, жылдың бірінші тоқсанына арналған жұмыс жоспарларын бекіттік», - деді Магеррам Магеррамов.

1

Депутаттар үшін жаңа жыл сайлаушылармен кездесу мақсатында өңірлерге жұмыс сапарларынан басталды. Магеррам Магеррамовтың Астанадағы сайлаушыларымен кездесіп, емдеу, мәдениет және басқа да мекемелерді аралады. ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан Қарағанды облысына, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың Алматы қаласына, депутат, «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар Батыс Қазақстан облысында барып қайтты.

Нәтижесінде әрқайсысы барған өңірлеріндегі тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді ала келді. Сондай-ақ, азаматтардың жаяу жүргіншілер өткелін орнату немесе көшені қосымша жарықтандыру сияқты өтініштерін ескермейтін жергілікті атқарушы органдардың кемшіліктері де анықталды. Оған қоса инфрақұрылымның тозуы, мегаполистердегі білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің шамадан тыс жүктелуі немесе заңсыз құрылыс сияқты қордаланған мәселелер бар. Енді мәжілісмендер бұл мәселелерді парламент мінберінде көтеріп, мүмкіндігінше оң шешімін табуы қажет.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy