Жаңадан салынған мектептердің сапасы сын көтермейді

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты жергілікті биліктің немқұрайлы көзқарасына наразылық білдірді. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова жаңадан салынған мектеп ғимараттарының қалай тез жарамсыз күйге түсіп, кейін оларды бұзып, қайтадан салуға мәжбүр болатынын нақты мысалмен түсіндірді.

Статистикалық деректерге сүйене отырып, Смирнова елімізде 1300-ге жуық мектептің күрделі жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді.

– Барлық мемлекеттік мектептер қазақстандық салық төлеушілердің қаражатынан, яғни мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Жергілікті атқарушы органдардың мектеп ғимаратына немқұрайлы қарауының нақты мысалын келтіріп өтейін, - деді депутат.

Атырау қаласындағы №30 мектеп 2002 жылы салынып, небәрі 16 жылдан кейін шатыры толықтай тозған. Алайда, оны жөндеудің орнына, тағы төрт жыл күттіріп, мектепті апатты деп танып, жабу туралы шешім қабылданды. Кейін Атырау қаласының әкімдігі мектепті толықтай бұзып, оның орнына жаңа ғимарат салу жөнінде шешім шығарды.

– Бұл – бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың айқын мысалы! – деп мәлімдеді Смирнова.

Қазақстан Халық партиясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымдық даму департаменті қызметкерлеріне қызметтік тергеу жүргізу қажет деп санайды. Бұл тұлғалар Атырау қаласындағы №30 гимназия мектебінің уақытылы жөнделуін қамтамасыз етпеді, сондықтан кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс.

Сондай-ақ ҚХП депутаттары Атырау облысының әкімдігіне қатысты шара қабылдауды ұсынды. 2018 жылдан бері мектептің жөнделмегеніне кім кінәлі екенін анықтау, сондай-ақ мектеп ғимаратын бұзу және жаңасын салу туралы шешімнің объективтілігі мен негізділігін тексеру қажет.

– Еліміздегі мектептердің техникалық жағдайына кешенді мониторинг жүргізіп, осындай жағдайларды уақытылы анықтау үшін жергілікті биліктің әрекетсіздігін жіті бақылау қажет. Сонымен қатар, мектеп ғимараттарының сақталуын жүйелі түрде бақылау және тиімді басқару үшін азаматтар үшін ашық цифрлық мектеп картасын жасау керек, - деп түйіндеді Смирнова.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy