Жалған дипломдар, өтірік қызметкерлер

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Қазақстанда жалған дипломдарды пайдалану жағдайларының көбеюіне алаңдаушылық білдірді.

– Жоғары білім туралы жалған құжаттар қоғам үшін қиратушы мәнге ие, - деп мәлімдеді Сұңқар Мәжілістің жалпы отырысында. - Бұл білім беру жүйесіне деген сенімнің жоғалуына және кәсіби қызметте елеулі проблемалардың туындауына алып келеді.

Депутат өткен 2023 жылы жалған құжат жасау фактілерінің көптігіне назар аударды.

– Мұндай тәжірибе жүйеге айналды және уәкілетті органдар тарапынан шұғыл шараларды талап етеді, - деп басып айтты ол.

Мәселен, Павлодар облысында дипломдарды қолдан жасаудың 60 жағдайы анықталды. Екібастұзда жалған білім туралы құжаты бар медбике, ал Солтүстік Қазақстан облысында біліктілігі жоқ падагогтар «жұмыс істеді».

– Жалған дипломдар сатып алуды ұсынатын интернет-ресурстардың қолжетімділігі жағдайды қиындатады, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты. - 2020 жылы дипломдардың дұрыстығын тексеру жүйесін енгізуге қарамастан, білім туралы барлық құжаттарды жүйеге енгізу процесін жеделдету және оның өзектілігін қамтамасыз ету қажет.

Депутат жалған дипломдарды таратудың жолын кесу және құжаттарды қолдан жасаудың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына осындай алаяқтыққа қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті түсіндіріп, азаматтармен ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуді ұсынды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy