Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елордалық сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.
Мәжілісменнің жұмыс күні «Салауатты Астана» ЖШС көпсалалы медициналық орталығына барудан басталды.
«Бір медициналық орталықты мысалға ала отырып, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі өзекті мәселелері анықталды. Сондай-ақ оларды шешу жолдары мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды», - деді Магеррамов.
Депутат М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымымен өткен кездесуді де нәтижелі әрі қызықты болды деп бағалады.
«Осы жиынның нәтижесінде мәдени мұрамызға елеулі қолдау көрсету қажет екені айқындалды», - деп түйіндеді сөзін депутат.