Жаңа бағыт, жаңа жол...

dep.jpg

Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялады.

Көлік министрі Марат Қарабаев атап өткендей, бұл құжат көліктің түрлі түрлерін пайдалана отырып, халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге, сондай-ақ жалпы ТМҰ мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған.

– Келісімді қабылдау Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалы көлемін одан әрі ұлғайту үшін алғышарттар жасайды, - деп атап өтті Қарабаев. - Бұл елдің көлік-транзит әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді.

Министрдің ұсынысын Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов белсенді түрде қолдады. Ол бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер үшін Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) ынтымақтастықтың стратегиялық жобасына айналатынын еске салды.

– Бұл Қытай, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстыратын күре жол «Белдеулер мен Жолдар» жобасының құрлықтық көпіріне айналып, жүк тасымалдау мерзімін екі есе қысқартады және көлік шығындарын айтарлықтай төмендетеді, - деп нақтылады Мәжіліс депутаты. - Осыған байланысты біз қарастыратын келісімді ратификациялау Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы көлік-логистикалық әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға оң серпін береді.

Келісім «Баку-Тбилиси-Карс» темір жолын, Каспий теңізі порттарын және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін пайдалана отырып, ТХКБ арқылы жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл құжатты Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері де ратификациялады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy