Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы "Қауіпсіз мектеп" атты жаңа акциясын бастады. Осы бастама шеңберінде 30 тамызға дейін партиялықтар мамандармен және қоғам қайраткерлерімен бірге өңірлердегі мектептердің жай-күйіне және олардың жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екеніне мониторинг жасайды. Акция қазақстандық оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Партиялық бақылау аясында ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының м.а. Арман Тастамбеков Зеренді аудандық мәслихатының депутаты Батыржан Әбілпейісовпен бірлесіп Кіші-Түкті ауылындағы (Зеренді ауданы) мектепке барды.

Жақында ғимаратта жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Мекеме басшылығының мәліметінше, жаңа оқу жылында аталған мектепте 55 оқушы білім алады, оның 6-ы бірінші сынып оқушысы.

Бақылаушылар ауыл мектебі аз шағын ғана болғанымен, барлық қажетті оқу материалымен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, білім беру процесінде жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін заманауи мультимедиялық кабинет те бар. Оған қоса мектептің санитарлық жағдайы да жақсы.

– Жөндеу жұмыстарын аяқтап қана қоймай, білім беруге қолайлы орта құру үшін мектептердің сапалы жабдықталуын қамтамасыз ету де маңызды. Яғни, жаңа оқу жылына дайындық кезеңі – өте жауапты кезең. Сондықтан білім ошақтарындағы физикалық және материалдық-техникалық базаға ерекше назар аудару қажет, – дейді Арман Тастамбеков.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy