Жаңа үлгі бойынша

Қазақстан Халық партиясының фракция жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Павлодар облысына барды. Ол жұмыс сапары кезінде халықты ауыз сумен қамту бойынша өңірлердегі жағдайды білу мақсатында, «Павлодар Водоканал» ЖШС –де болып, кәсіпорын басшысы Георг Шнейзермен кездесті.

Соңғы уақытта Қазақстанда коммуналдық инфрақұрылым проблемалары қордаланып қалды. Ескірген жабдықтар мен инженерлік желілер жөндеуді қажет етеді, әйтпесе халыққа өркениеттің игілігінен айырылу қауіпі туып тұр, өкінішке қарай, Павлодар облысында да жағдай мәз емес. Георг Шнейзер қызметі күрделі кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– Қазір тұрғындарды ауыз сумен қамтуға көп көңіл бөлінуде, - деп атап өтті Магеррам Магеррамов. Бұл мәселе коммуналдық мәселеден әлеуметтік деңгейіне әлдеқашан өтіп кеткен.

1

«Павлодар Водоканал» ЖШС кездейсоқ таңдалған жоқ.

  • Су Кодексі заң жобасымен жұмыс аясында біз үшін бұл өте маңызды, - деп түсіндірді Магеррамов. – Барлық мәселені аталаған заң жобасының жұмыс топтарында көтеретін боламыз.

Қазақстан халық партиясының парламенттегі фракция депутаттары өңірлерге аттанды. Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесіп, еңбек ұжымдарына, өндірістік және әлеуметтік нысандарға барады, сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy