Жаңа жеңістерге жігерлендіретін кездесу

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы республика өңірлерінде «Спорт - өмір серігі» атты жаңа акцияға бастамашы болды. Акция аясында партия мүшелері салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық жарыстар, өңірлік турнирлер мен ынта-жігерді жанитын кездесулер өткізуді мақсат етеді.

Осындай ынталандыру кездесуін ҚХП Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырды. Паралимпиадалық құраманың чемпионы, «Шапағат» орденінің иегері Айсұлу Сүлейменова іс-шараның құрметті қонағы болды.

Жас қыздың өміріндегі қайғылы оқиға осыдан 10 жыл бұрын болған еді, ол ауыр жол-көлік оқиғасына түсіп, аяғынан айырылған болатын. Операциядан соң протездеу жасатып, ұзақ оңалтудан кейін Айсұлу екі жоғары оқу орнын үздік аяқтады... Содан кейін алдымен арбамен волейболға, одан кейін жеңіл атлетикаға қызығушылық танытып, спорт шеберлігіне үміткер (КМС) нормативтерін сәтті тапсырды.

Спортшы өзінің үлкен спортқа қалай келгенін және оған қандай кедергілерді еңсеруге тура келгенін әңгімелеп берді. Жастар, жергілікті Политехникалық университеттің студенттері, еріктілер, өңірлік БАҚ өкілдері Сүлейменоваға оның өмірлік мақсаттары, армандары мен болашақ жоспарлары жайлы қызыға сұрап, сұрақтар қойды.

ҚХП Қарағанды облыстық филиалының әйелдер қанатының төрайымы Меруерт Барменшинова чемпионның өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге қосқан зор үлесін атап өтті, ал партия белсендісі, жазушы Қанат Каренов танкистер туралы кітабының бір данасын сыйға тартты. Кездесу қорытындысы бойынша филиал төрағасы Қалел Мақсұтов іс-шараға қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy