Жаңаша сатып алу!

dep.jpg

Парламент Мәжілісі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Қаржы министрі Мәди Тақиев хабарлағандай, құжат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында әзірленген. Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады. Атап айтқанда, ол сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және одан әрі автоматтандыруға (оның ішінде квазимемлекеттік секторда) және бірыңғай платформа құруға бағытталған.

Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Кенжеғұл Сейітжан министрден «мемлекеттік сатып алулар кезіндегі әлеуметтік-экономикалық аспектілер заңнамада ескеріле ме, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне қандай да бір жеңілдіктері бола ма?» деп сұрады.

– Олар мемлекеттік сатып алу рәсіміне қалай қатысады? - деп нақтылап сұрады Мәжіліс депутаты.

Мади Такиев Заң жобасында барлық әлеуметтік аспектілерді, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал топтары мен әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің құқықтарына қатысты мәселелерді қарастыруға уәде берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy