Жарқырап өткен 20 жыл!

Қазақстан Халық партиясы 20 жылдық мерейтойға арналған іс-шараларды аяқтауда. Өңірлік бөлімшелерде партияның осы күнге дейінгі атқарған жұмыстары қорытындыланып, болашаққа деген жоспарлар талқыланып жатыр.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалы «Халықпен бірге 20 жыл» акциясы аясында есептік жиналыс өткізді. Филиал төрайымы Жанат Бастаубаева ұйымның қызметі туралы қысқаша баяндама жасады, ал оның орынбасары Мират Искаков жақында филиал өткізген қайырымдылық, экологиялық, спорттық және т.б. мерекелік іс-шаралары туралы айтып берді. Оған партия белсенділері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті билік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қатысты. Жиналыс соңында ҚХП ардагерлеріне Алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.

1

2

3

Дәл осындай іс-шараны ҚХП Абай облыстық филиалы да өткізді. Филиалдың ардагерлері мен белсенділері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Азаматтық ұстанымы үшін наградаларға өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқан жиналыс қонақтары да ие болды.

4

5

6

ҚХП Ұлытау облыстық филиалының мүшелері мемлекеттік мұрағаттың мәжіліс залында партияның өткен 20 жылдағы жетістіктерін атап өтіп, партияның ең белсенді қызметкерлерін құттықтап, болашақ жоспарларын талқылады. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy