Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында «Заманауи әлем жағдайындағы жас ұрпақтың міндеттері мен мүмкіндіктері» тақырыбында дәріс оқыды.
Шара барысында мәжілісмен студенттермен бірге ХХІ ғасырдағы жастар өмірін айқындайтын негізгі аспектілерді талқылады.
«Қазіргі әлем технологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерінен белсенді түрде өзгеруде. Бұл азаматтардың алдына сан алуан міндеттер қойып, жас ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Магеррамов.
Талқылау барысында қатысушылар Мемлекет басшысы бастаған реформалар туралы, сондай-ақ қазақстандықтардың санасын және елді модернизациялау туралы да сөз қозғады.
«Бізге қарағанда жас ұрпаққа оңай болатынына сенімдімін. Өйткені заманауи реформалар Әділетті Қазақстанды құру бағытындағы жұмыстармен қатар жүзеге асырылуда», - деп атап өтті депутат.