Қазақстан Халық партиясы депутаттарының халықпен кездесулері жалғасуда. Астанада партияның «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі, ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуде жас қазақстандықтарды толғандыратын ең өткір және проблемалық мәселелер талқыланды. Пікірталас барысында Жаңа Қазақстанның жастар саясаты бірнеше рет әңгіме арқауына айналды. Білім берудегі қолжетімділік, нақты айтқанда қолжетімсіздік, түлектерді жұмысқа орналастыру, жас отбасылар үшін тұрғын үй және т.б. гуманитарлық және әлеуметтік саладағы мәселелерге ерекше назар аударылды.
Өз тарапынан Ислам Сұңқар жиынға қатысушылармен жастардың өмір сүру жағдайларын және білім беру мүмкіндіктерін жақсарту үшін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ағымдағы бастамалар мен жобалар туралы ақпарат бөлісті. Депутат бұған дейін Парламентте колледж студенттерінің стипендиясын арттыру тақырыбын көтеріп, жатақханалардағы орын тапшылығы проблемасын жою мақсатында басқа қаладан келген оқушылар үшін жалға берілетін жылжымайтын мүлік бағдарламасын енгізуді және т.б. ұсынған болатын.
– Мұндай пікірталас кездесулер жастарды шешім қабылдау процесіне және жалпы азаматтық қоғамға тарту үшін өте пайдалы, - деп атап өтті ҚХП жастар қанатының өкілі Сұлтанбек Құдабай. - Сонымен қатар, олар мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін әзірлеуге көмектеседі.