Жасампаз жастар – ел ертеңі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа адамдар» жастар форумына қатысты. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, Жаңа Қазақстан идеясы – барлық жастағы азаматтарды біріктіретін ортақ идея.

Форум барысында қозғалыс жетекшісі Әсел Бәденова Мемлекет басшысына «Жаңа адамдар» ұйымының жұмысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, ұйымда 15 мыңға жуық белсенді жас бар. Олар бүгінге дейін біршама азаматтық бастамалар мен акцияларды ұйымдастырды. Жастар вандализмге, заңсыз қоқыс тастауға, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді сатуға, есірткі бизнесіне және басқа да әлеуметтік дерттерге қарсы күресіп, азаматтық ұстанымдарын ашық, белсенді түрде білдіруде.

2

Мемлекет басшысы өз тарапынан жастарға жауапкершілік танытып, игі бастамалар көтеріп, қоғамға қамқорлық танытып жүргені үшін алғыс айтты.

– Қазақстанның жастары – жасампаз. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында. Мен Президент ретінде Сіздерге зор үмітпен қараймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

1

Магеррам Магеррмов Мемлекет басшысы жастарға, олардың бүгіні мен болашағына әрқашан ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

– Біз барлық жастағы қазақстандықтардың Әділетті Қазақстан идеясының төңірегіне бірігіп отырғанын көріп отырмыз. Бұл идея ересек тұрғындардың да, ересек өмірге енді қадам басып келе жатқандардың да мүдделеріне сәйкес келеді, – деді Магерамов.

3

Магеррамов республиканың әлеуетін толық ашып, одан әрі елді дамыту жастардың қолында екеніне сенімді.

– ҚХП мемлекетте қазіргі жағдайға сай жан-жақты ойластырылған жастар саясаты болуы керек деп санайды. Бұл саясат оны жүзеге асырудың нақты құқықтық, экономикалық және саяси тетіктерін әзірлеуі тиіс.

Мұндай саясаттың мақсаты барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда, саяси партияларда, қоғамдық ұйымдарда және т.б. жастарға ел мен қоғам игілігі үшін өз идеялары мен күш-жігерін жүзеге асыруға көмектесетін жағдай жасау мен ынталандыру болуы керек. Мәжілісменнің пікірінше, Мемлекет басшысының жастар форумына қатысуы, жаңа ұрпаққа деген саяси сенімнің көрінісі.

«Бұл – сенім, құрмет, талапшылдық және ел мен қоғамды жаңарту мәселелерін шешуге белсенді қатысу қағидаттарына негізделген жаңа қарым-қатынастарды құру», - деп түйіндеді Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy