Елде жастар көбіне саяси өмірге қызығушылық танытпайды әрі пассивті болып келеді деп қабылдау дәстүрге айналған. Алайда, Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, «Жас орта» ҚХП жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар мұнымен келіспейді. Заманауи жастар еліміздегі тұңғыш атом электр станциясының құрылысы бойынша өткізілген кездесулер мен дөңгелек үстелдерде қатысушы ретінде де, ұйымдастырушылар ретінде де өзідерін көрсете білді.
Ислам Сұңқардың өзі Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы аясында депутаттық корпустағы әріптестерімен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар облысына барды.
«Біз кездескен аудитория негізінен студенттер және жұмысшы жастар болды. Айта кету керек, ең қызықты сұрақтарды қойғандар да солар», - деді депутат.
«Қазақстан атом электр станциясы қуатты қандай мөлшерде өндіреді?», «ол электр энергиясы тапшылығының қанша пайызын өтейді?», «Қазақстандағы атом энергетикасыныңболашағы қандай?», «заманауи ядролық технологиялар қаншалықты қауіпсіз?», «уран өндіру мен өңдеу қаншалықты дамыған?». Осының бәрі кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар.
«Жастар жай ғана қатысқан жоқ, олар мәселені зерттеді, оған терең бойлауға тырысты. Жалпы алғанда, жастар Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет екенін түсінеді және оң көзқараспен қабылдайды деп айта аламын. Сондай-ақ қолдап дауыс беруге де дайын», - деп нақтылады депутат.
Сондай-ақ, мәжілісмен Халықтық штабта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде белсенді жастар ерікті түрде жұмыс істегенін айтты. Олар азаматтарды референдумда дауыс беруге шақырып, әлеуметтік желілер арқылы ең креативті тәсілдермен үгіт-насихат жүргізді. Яғни, олар бейнероликтер мен трендегі видеоларды түсіріп, басқа да шараларды ұйымдастырды.
«Мұның барлығын жастар өз қолымен және өздерінің бастамасымен жүзеге асырды. Әрине, бұл контенттер негізінен өздерімен жасты аудиторияға арналған. Бұл ретте жастарды түсінуге болады. Себебі, олар үйінің жарық әрі жылы болғанын, сондай-ақ электр жарығының жеткілікті болғанын қалайды», - деп түйіндеді ол.