ҚХП Қарасай аудандық филиалында жергілікті жастар қанатын құруға бағытталған іс-шара өтті. Кездесуге қатысушылар жастарды саяси және қоғамдық өмірге тартудың маңызына тоқталып, белсенді жастармен жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті.
– Жаңа ұрпақ өзгерістердің қозғаушы күші екеніне сенімдіміз! Әділ қоғам құру үшін жас, жігерлі, бастамашыл азаматтарды біріктіретін кез келді!, - деді ҚХП Қарасай аудандық өкілдігінің басшысы Арсланбек Тілеулиев.
Жақында Алматы облысының Қарасай ауданында ҚХП өкілдігі ашылды. Сол кезде филиал басшысы Арсланбек Тілеулиев партия мүшелерінің жұмысының басты мақсаты – халыққа жақын болу, олардың пікірін тыңдау, өзекті мәселелерді шешуге көмектесу екенін айтқан болатын.
«Бұл Қарасай ауданының әрбір тұрғыны үшін өңірдің дамуына және өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосатын қоғамдық диалогқа қатысу мүмкіндігі», - деді партия мүшесі.