Жастар – табиғат қамқоршысы

Қазақстан халық партиясы парламенттік фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов партияның Орталық аппараты кеңсесінде "Тұрақты даму" Жер қоры өкілдерімен кездесу өткізді.

"Тұрақты даму" Жер қоры – бұл әлеуметтік-экологиялық бағыттағы коммерциялық емес жастар қоғамдық бірлестігі. Оның қатысушылары волонтерлік қызметпен айналысады. Өз қызметі аясында олар қаңғыбас жануарларға арналған баспаналарға қолдау көрсетіп, бірнеше рет елорданы көгалдандыру бойынша экологиялық акциялар ұйымдастырды.

– Бұл ұйымның ұл-қыздары еліміздің экологиялық дамуына өз үлестерін белсенді түрде қосып келеді. Жалпы, экологиялық мәдениет бала кезден қалыптасуы керек. Өйткені бұл біздің ұлттық мәдениетіміздің маңызды құрамдас бөлігі саналады, – деп атап өтті Магеррам Магеррамов кездесу барысында.

Қонақтар мәжілісменге өз жобалары мен болашақ жоспарлары, сондай-ақ еліміздегі шешілуі тиіс экологиялық мәселелер жөнінде айтып берді. Ал ҚХП өз тарапынан жас экологтар мен еріктілерге қолдау мен жан-жақты көмек көрсетуге әрқашан ниетті екенін жеткізді.

1

– Жастардың отанымыздың өркендеуіне бағытталған бастамалары мен ұсыныстары көп. Ал біз оларды қолдауға дайынбыз!, – деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy