Мәжіліс депутаты, партиялық «Жас Орта» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар жастар арасындағы көшбасшылық тақырыбына арналған дәрістерін жалғастыруда. Мұндай кезекті шара «Есіл» университетінде өтті.
Кездесу барысында жастардың қазіргі саясаттағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ мәжілісмен жас буынды қызықтыратын өзекті сұрақтарға жауап берді. Дәріс барысында Ислам Сұңқар студенттерге жастар өкілдігінің «депутаттың қоғамдық көмекшісі» атты жобасын таныстырды.
- Бұл жобаның аясында студенттер қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша депутатпен тығыз қарым-қатынас жасай алады, - деп түсіндірді мәжілісмен.
Бұған дейін Ислам Сұңқар жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне жастардың саяси көшбасшылығы туралы дәрістер циклын өткізуді бастаған болатын. Дәріс барысында еліміздегі ең жас депутаттардың бірі өзінің жеке тәжірибесін бөлісіп қана қоймай, жастарды саясат негіздеріне үйрете отырып, жаңа Қазақстан үшін болашақ кадрларды даярламақ ниетте.
– Менің басты мақсатым – елдің дамуына үлес қосқысы келетін жас әрі талантты азаматтардың басын біріктіру, - деп нақтылады партия мүшесі.