Жастардың басын қосқан «Quiz» ойыны

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы жастар қанаты «Халық from aуыл» атты облыстық куиз ойындарын ұйымдастырып, өткізді.

Куиз – Қазақстан үшін жаңа жанр. Бұл викторинаға ұқсас командалық интеллектуалды тақырыптық ойын. Жүргізуші командаларға сұрақтар қояды, олар жауабын арнайы бланкілерге жазып жауап береді. Ойын командалық ойын болғандықтан, қатысушылар «миға шабуыл» әдісі арқылы жауап іздейді.

1

2

«Бұл куизді біз үшін ауыл өмірі мен күнделікті өмірді насихаттау, ауылға тән құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырдық», - дейді ақтөбелік партия мүшелері.

3

4

Куизға белсенді жастар топтары қатысты. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: «Дәстүрлер», «Фильмді тап!» «Ауыл әндері», «Мақал-мәтелдер», «Тапқырлар сайысы» т.б.. Шара қатысушылардың белсенділіктері мен тапқыр да ұтымды жауаптарының арқасында көңілді де қызықты өтті. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy