Қазақстан Халық партиясы «Ұлы жеңіске тағызым!» атты ауқымды ақцияның екінші кезеңін бастайды. Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі. Екінші кезең Ленинград блокадасының бұзылуының 81 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Партия Қазақстанның барлық аймағында осы тақырыпқа арналған іс-шаралар өткізеді.
ҚХП Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жау құрсауына берілмеген қала!» тақырыбында жергілікті жастарға арналған патриоттық сағат өтті. Шара облыстық ішкі істер департаментінің мұражайында өтіп, оған Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Филиал төрағасының орынбасары Ләйлә Бексейітова Ұлы Отан соғысы жылдарында қоршауда қалған қаланың бастан кешкен сұрапыл күндері жайлы айтып өтті. Қатысушыларға Ленинград қоршауындағы көріністердің бейнеролигі көрсетіліп, Д.Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» атты танымал өлеңінің үзіндісі оқылды. Жақындарының «өлім күнделігін» жүргізген блокададан аман қалған Таня Савичеваның әңгімесі студенттерге ерекше әсер қалдырды. Соңында жиналғандар метроном үнімен блокададан аман қалғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
ҚКП Орталық аппараты мен партияның Алматы қалалық филиалының өкілдері Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-батырлар атындағы саябақтағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Ленинград блокадасы жойылған күні монументке басқа саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Ресей Федерациясының Бас консулдығының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары гүл шоқтарын әкелді.
«Қоршауда қалған Ленинград тұрғындары мен қорғаушылары Ұлы Отан соғысының ең ауыр күндерінде қайтпас қайсарлық пен қаһармандық көрсетті», - деді акцияға қатысушылар.
Сонымен қатар, Алматы қалалық ҚХП филиалы Алматы технологиялық колледжінің студенттеріне патриоттық іс-шара өткізді. Студенттер бағдарламаға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тарихи мәліметтерді нақтылап, қайсар қаланың қоршауынан аман қалғандарға жанашырлық танытты. ҚХП Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен осындай кездесу Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінде өтті.