Жазушы еңбегі – жастарға мұра

Қазақстан Халық партиясы қазақтың біртуар жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Теңдесі жоқ кемеңгер жазушы» акциясын жалғастыруда. Акция аясында прозаиктің туған жері Қызылорда облысында партия мүшелері әйгілі жазушының шығармашылық жолын көпшілікке таныту мақсатында викторина өткізді. Оған «Орда», «Болашақ» жоғары колледждерінің және Абылай хан атындағы колледждің студенттері қатысты.

Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақ прозасының классигі. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорында да, ХХ ғасырдағы әлем әдебиетінде де ерекше орын алады.

1

2

«Біздің іс-шараның мақсаты – жазушының шығармашылық мұрасына деген қызығушылықты ояту. Оның Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қосқан зор үлесін атап өтіп, өскелең ұрпақты отандық әдеби дереккөздерді зерттеуге деген құштарлыққа тәрбиелеу керек», - деп атап өтті байқауды ұйымдастырушылар.

3

Жазушының «Соңғы парыз» атты әйгілі шығармасы бойынша қызу талқылау ұймыдастырылды. Экологиялық дуология ХХ ғасырдың соңындағы адам мен табиғат арасындағы күрделі қарым-қатынас тақырыбында жазылған.

4

«Бұл әлеуметтік-психологиялық роман қоғамдық-саяси мәселелерді көтере отырып, бүгінгі күнге дейін өзекті болып отрыған тақырыптарды қозғауымен ерекшеленеді», - дейді байқауға қатысушылар.

5

Іс-шара соңында конкурсқа қатысушылар ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаровтың алғыс хатымен марапатталды. Ал оқытушыларға және колледждерден келген жастар командаларының жетекшілеріне Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы сыйға берілді.

6

«Бұл байқау жас оқырмандарға жазушының шығармашылық жолын тереңірек тануға, оның жоспары мен қоғамға арнаған Жолдауын түсінуге мүмкіндік берді», - деп түйіндеді партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy