Қазақстан Халық партиясы спорт пен салауатты өмір салтын көпшілікке насихаттау идеясын жалғастыруда. «Спорт - өмір серігі» акциясы аясында ҚХП филиалдары республика өңірлерінде түрлі турнирлер, жарыстар және жастардың қазақстандық чемпиондармен жігер жанитын кездесулерін өткізіп келеді.
Осы мақсатта, ҚХП Қостанай облыстық филиалының өкілдері қалалық велоквест өткізді. Іс-шараға ниет білдірген барша велошабандоздар қатысты. Олардың алдында бес түрлі тапсырманы орындау міндеті тұрды, алайда, оларға жету үшін тапсырмалардың орналасқан жерін анықтау қажет еді. Жарыс алдында әр қатысушыға демеушіден «Чемпион таңғы ас» печеньесін, «Добрый пекарь» ЖШС-нен және «Арасан» ЖШС-нен сусындар берілді.
– Квест - бұл қызықты және көңілді зияткерлік ойын, - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар. - Ол жылдам шешімдер мен энергияны талап етеді. Командалар тапсырмаларды ойдағыдай орындап, лайықты марапаттарға ие болды. Бірінші орынды «Velowkz» командасы, екінші орынды «Колибри», үшінші орынды «Комар және Шмель» иеленді. Оларға кубоктар, медальдар мен грамоталар табыс етілді. Барлық қатысушылар медальдар мен Алғыс хаттарға ие болды. Партиялықтар квестке белсенді қатысқан «Рудненский добряк» қалалық еріктілер штабына жеке алғыстарын білдірді. Әрине, жарыс барысында алған жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоциялар ең үздік марапат екені даусыз.
ҚХП Алматы облыстық филиалы жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир ұйымдастырды. Жарысқа Жамбыл және Қарасай аудандарынан 6 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша филиал төрағасы Төлеужан Жүндібаев пен Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Есен Мұқашев жеңімпаздарды марапаттады.
Ал ҚХП Жетісу облыстық филиалы тартысты футбол ойындарын таңдады. Олар Талдықорған қаласының жергілікті жастары үшін турнир ұйымдастырды. Қызықты бәсекеде жеті сағат бойы 12 команда кубок үшін күш сынасты.
– Аталған іс-шараның мақсаты - жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, олардың футболға деген қызығушылығын арттырып, бос уақытты дұрыс ұйымдастыру болып табылады, - деп атап өтті жарысты ұйымдастырушылар.