ЖЭО цифрлық бақылауға өтеді!

dep.jpg

Біздің энергетиканы қашан цифрландырады? Саланың бірыңғай цифрлық платформасын құру туралы нормалар заңнамада көзделген, жоба әзірлену сатысында. Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова оның қашан іске асырылатынын нақты анықтамақ болды.

Мәжіліс депутаты еліміздегі барлық энергия кешендері цифрландыруға жататынын еске салды.

– Жүйе онлайн режимінде жұмыс істейтін болады және оның мүмкіндіктерінің бірі - онда іркілістер, ереже бұзушылықтар, апаттар және т.б. көрсетіліп тұратын болады, сондай-ақ осы проблемаларды шешу мүмкіндіктері де беріледі, - деп атап өтті Смирнова. - Бұл жүйе қашан толық көлемде жұмыс істей бастайды?

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шынымен де, заңда энергетиканың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу, оның ішінде технологиялық шығындарды бақылау қажеттігі көзделгенін растады. Ол электр энергиясы мен жылу секілді энергетикалық ресурстарды толық есепке алуға негізделеді.

– Жүйені әзірлеу айтарлықтай күрделі болып табылады, - деп нақтылады министр. - Энергетика министрлігі осы бағдарламаны іске асыруға кірісіп, оны әзірлеу тұжырымдамасын бекітті. Мерзімі туралы айтатын болсақ, бюджеттік қаржыландыру мүмкіндіктеріне сүйене отырып жоспарлағанда екі жыл ішінде бітеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy