Жетісу облыстық филиалы жыл қорытындысын шығарды

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Халық партиясының Жетісу облыстық филиалы 2023 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жиналысын өткізді. Жиын барысында ҚХП облыстық филиал төрағасы Қаһарман Жақсылық және оның орынбасары Олжас Ибраимов бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы әңгімелеп берді.

Осы уақыт ішінде ҚХП Жетісу облыстық филиалы 264 іс-шара өткізді. Олардың 182-сі - сайлау кезеңінде ұйымдастырылған үгіт-насихат, 78-і - жоспарлы, қоғамдық-саяси сипаттағы үгіт-насихат жұмыстары. Барлық іс-шараларға 120 мыңнан астам адам қамтылды.

Сонымен қатар, өткен жылы филиал түрлі қоғамдық бірлестіктермен 4 меморандумға қол қойып, 7 бастауыш партия ұйымы ашылды. Сондай-ақ, Ақсақалдар кеңесі құрылып, жастар мен әйелдер қанаты жұмыс істей бастады.

Партия мүшелері халықпен тығыз, әрі белсенді жұмыс жүргізуде. Филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс тұрғындарынан 48 өтініш тіркелген, олардың бір бөлігі ҚХП өкілдерінің өңірлерге барған сапарлары кезінде келіп түскен.

1

33 өтініш оң шешімін тапты, - деп атап өтті филиал басшылығы. - Қалған 15 өтініш біздің бақылауымызда.

Партия мүшелері сайлауалды кезеңде орасан зор жұмыс атқарды. Жетісу облысының салалық кәсіподақтарымен бірігудің арқасында ҚХП филиалы өңірдегі 512 сайлау учаскесінің 369-ын өз бақылаушыларымен қамтамасыз етті, яғни бұл барлық сайлау учаскелерінің 70%-н астамы. ҚХП 446 өкілі облыс өңірлері мен қалаларындағы сайлау комиссияларының құрамына енді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy