Ұрпақтар сабақтастығы

«Мәдени мұра» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірқатар шаралар мен акциялар өткізуде. Бұл бастамалардың мақсаты – халқымыздың ерлігіне құрмет көрсетіп, тарихи жадымызды сақтау.

Жоба аясында Алматы қалалық филиалы отбасылық сенбілік ұйымдастырды. Іс-шараға қалалық мәслихат пен Қоғамдық кеңестің депутаттары, партияның әйелдер және жастар қанатының өкілдері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында қатысушылар аумақты тазалап, Ұлы Отан соғысының батырлары құрметіне есімдері жазылған ағаштар отырғызды.

1

2

6

— Әр ағашқа ардагердің аты жазылған тақтайша орнатылды. Бұл — ата-бабамыздың ерлігіне деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығы мен ризашылықтың белгісі, - деді еріктілер.

3

Шараның отбасылық форматта өтуі ерекше маңызға ие болды. Мұндай тәсіл жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде аса қажет.

4

7

— Мұндай акцияларға балалар мен жастардың қатысуы олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен тарихи жадыға деген құрметті қалыптастырады, — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

5

8

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы да сенбілік ұйымдастырып, соғыс жылдарында эвакуациялық госпитальдерде жарақаттан көз жұмған жауынгерлер жерленген қала зиратындағы ескерткіш маңын ретке келтірді. Бұл зиратта бүгінде ешқандай жерлеу рәсімі өтпейді.

10

9

Бастаманы СҚО ҚХП филалына қарасты «Ветеран» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Петропавл қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шамиль Шакиров көтерді. Оны партия белсенділері, қаладағы қоғамдық ұйымдар, Әйелдер күштерінің альянсы мен жастар қолдады. Шараны өткізу үшін филиал басшысы Ерғали Жұмағұлов көлік, құрал-саймандар мен қаптармен қамтамасыз етті.

— Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті тазалау мен абаттандыру — тарихи жадымызды ұлықтап, Жеңіс үшін жанын берген бабаларымызға деген алғысымыздың көрінісі, — дейді партия өкілдері.

Осы бастамаға Қызылорда облыстық филиалы да үн қосып, «Мәңгілік алау» мемориал кешені аумағына тал екті. Ал Жамбыл облысындағы партия өкілдері — Құрмет залының маңына жасыл желек отырғызды.

11

12

13


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy