Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жұмыссыз қалған халықтың медициналық көмек алу құқығын қалай қорғауға болады? Бұл мәселені Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары талқыға салды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өткендей, Қазақстанда медициналық сақтандырудың аралас моделі енгізілді.
Бірақ бұл салада әлі де проблемалар бар. Мәжіліс депутаты, ҚХП фракциясының мүшесі Ислам Сұңқар атап өткендей, қолданыстағы жүйе сақтандыру жарналарын төлеу мерзімінің ұзақтығын мүлдем ескермейді, бұл әділетсіздік.
– Аталған жүйе бірнеше жылдан бері енгізілгеннен бастап, жарналарын тұрақты төлеген азаматтар табысынан айырылған кезде сақтандырылмаған мәртебеге ие болады, - деп еске салды мәжілісмен. – Соның салдарынан жұмыссыз қалған кезде денсаулығында кінәрт бола қалса, еш жәрдемсіз жалғыздан жазлғыз қалады.
Ислам Сұңқар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың мәртебесін анықтау талаптарын қайта қарауды, дәлірек айтқанда, медициналық сақтандырудың жарамдылығын жарты жылға ұзартуды ұсынды.
Министр қазіргі уақытта, заңға сәйкес, адам жұмысынан айырылған жағдайда МӘМС жүйесінде үш ай бойы болады және медициналық көмек алатынын атап өтті.
Министр қазір осы үш айлық мерзімді мүмкін бір жылға дейін ұзарту бойынша заңнамалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.