Қазақстан Халық партиясы депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда. ҚХП фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов сайлаушылармен кездесу барысында Павлодар облысында болды. Депутат Павлодарда өткен азаматтарды қабылдау мен жергілікті «Ертіс» телеарнасына сұхбат беру арқылы апталық сапардың алдын ала қорытындысын шығарды.
Мәжіліс депутаты Успен және Шарбақты аудандарында болып, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттардың өкілдерімен кездесті, халықпен және еңбек ұжымдарымен әңгімелесті, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарда болды. Сондай-ақ, Мәжілістің Заңнама және құқықтық реформа комитетінің хатшысы ретінде сот жүйесі мәселелеріне арналған конституциялық заңнамаға жақында енгізілген түзетулер бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізді.
– Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай серпінді жүріп жатқанын атап өткім келеді, - деді Магеррамов. - Жолдар салынып, спорттық және демалыс инфрақұрылымы қалпына келтірілуде.
Әрине, бұл өңірде де проблемалар жеткілікті. Ең маңыздыларының бірі емханалар мен ауруханалардағы нақты мамандықтағы дәрігерлердің тапшылығы болып табылады. Депутаттың пікірінше, бұл мәселе жалпы республикалық сипатқа ие.
– Жалпы, өңір дамып келеді және жұмыс жүргізілуде деп айта аламын, - деп түйіндеді ол.