Жүрдек пойыз кетті...

dep.jpg

Неліктен Қазақстанда пойыздар жиі кешігеді? Бұл сұрақтың жауабын Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар анықтады.

Мәжілісмен қазақстандық пойыздардың кесте бойынша нашар жүріп жатқанын растайтын көрнекі статистиканы келтірді. Егер 2021 жылы тасымалдаушының кінәсінен кешігулер небәрі 60 сағат болса, 2022 жылы - 86 сағат, 2023 жылы бұл көрсеткіш 412 сағатөа жеткен. 69 жағдайда кідіріс алты сағаттан асып кеткен, алайда заң бойынша жолаушыларды тиісті тамақпен ешкім қамтамасыз еткен жоқ.

– Айтыңызшы, жолаушылар тасымалы неге нашарлап кетті, пойыздар қашан кешігуді тоқтатады? - деп сұрады Ислам Сұңқар.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев соңғы уақытта елімізде магистральдық темір жол желілерінің тозуы (67% -ға дейін) және тиісінше жөндеу жұмыстарының көлемі (1400-1500 км дейін) айтарлықтай өскеніне шағымданды.

– Негізгі жөндеу жұмыстары жаз мезгілінде жүргізіледі, - деп түсіндірді министр. - Мердігер кейде үлгермейді, сондықтан бұл пойыздардың жүруіне әсер етеді.

Екінші мәселе, вагондардың жетіспеуі. Олар тез істен шығады, жыл сайын 60-70 вагонға дейін сатып алуға тура келеді, бірақ мұның өзі жетпейді.

– Өткен жылы сатып алынатын вагондар санын едәуір ұлғайту туралы шешім қабылданды, - деп үміттенді Қарабаев. - Биыл 140, ал келер жылы 240 вагон сатып алынады.

Министр 2030 жылға қарай вагон паркін 70% -ға жаңартып, мәселені шешуге уәде берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy