Жылуды заңдастырдық!

dep.jpg

Қазақстанда «Жылу энергетикасы туралы» жеке Заң пайда болады. Оны жалпы отырыста энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев таныстырды. Заң жобасы жылу энергетикасы саласын реттеу және оның сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін экономикалық және құқықтық негіздерді белгілеу мақсатында әзірленді.

Құжатта саланы заңнамалық және мемлекеттік реттеу қағидаттары белгіленеді, сондай-ақ Үкімет пен уәкілетті органдардың құзыреті бекітіледі. Осы жерде тарифтерді мемлекеттік реттеу енгізіледі. Оған сәйкес, жылу бағасы экономикалық шығындарды көрсетуі тиіс, шығындарды өтеу - әділ, ал тарифтердің өзі қарапайым, түсінікті және ашық болуы тиіс.

Қазақстан Халық партиясынана сайланған депутат Кенжеғұл Сейітжан министрден «құжатта және ілеспе заң жобаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету қарастырылға ба?»деп сұрады.

– Сіз әрдайым барлық шағымдарды жергілікті бюджетке жібересіз, - деп нақтылады мәжілісмен.

Бұдан өзге, депутат Сейтжан Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкешілігі белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды. Мұндай кәсіпорындарға жеңілдіктер мен шегерімдер беріле ме? Алмасадам Сәтқалиев халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына қолданыстағы тетіктерге сүйене отырып қолдау көрсету көзделіп отырғанын айтты.

– Жергілікті атқарушы органдар мұқтаж отбасыларды анықтайды, - деп түсіндірді министр. - Қазір осындай тетік әзірленді, яғни бұл мәселелерді атаулы түрде шешуге мүмкіндік беретін электрондық әлеуметтік әмиян.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бизнестің әлеуметтік жауапкешілігі үшін жеңілдіктер мен шегерімдер бойынша жекелеген нормалар заң жобаларында қарастырылмаған.

– Бірақ, меніңше, тарифтерді реттеу аясында бұл норманы бизнестің, оның ішінде энергетиканың әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі кешенді бағдарламаға сүйене отырып қарастыру керек, - деп қорытындылады ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy