Қарағандыдағы инженерлік желілердің жағдайы талқыланды

«Халық үні» атты жаңа жоба аясында Қазақстан Халық партиясы азаматтардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне қатысты мәселелерге мониторинг жүргізіп келеді. Өңірлердегі белсенділер инфрақұрылым, құқық қорғау жүйесі, өрт қауіпсіздігі және басқа да салаларда партиялық бақылау шараларын ұйымдастыруда.

Қарағанды облыстық филиалы осы бағытта жұмыс кездесуін өткізіп, оған мемлекеттік органдардың, қала әкімдігінің, «Қарағанды Су» кәсіпорнының, төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратураның, техникалық мамандар мен заңгерлердің, сондай-ақ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген талқылау ұйымдастырды.

1

Басқосуда Федоров су қоймасы маңындағы инженерлік желілердің қазіргі жағдайы негізгі мәселе ретінде қаралды.

– Кездесуде Қарағанды қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізудің заңдылығы, сонымен қатар №10 кәріз коллекторының 3,2 шақырымдық бөлігіне шұғыл жөндеу жүргізу қажеттігі сөз болды, – деді партия өкілдері.

2

Қатысушылар жергілікті биліктің жауапкершілігі, жұмыстардың ашықтығы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын талқылады. Сондай-ақ, мұндай мәселелердің қайталанбауы үшін заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Ал Балқаш қалалық филиалының Жастар қанаты төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, қаладағы жеке тұрғын үйлер орналасқан аудандарда профилактикалық рейдтер өткізуді жалғастыруда. Бұл жолы белсенділер 64-ші квартал тұрғындарымен кездесті.

3

– Рейд барысында тұрғындарға отты пайдалану мен жылыту құрылғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, өрттің алдын алу шараларын еске салдық, – деді партия мүшелері.

Балқаштықтармен жеке әңгіме жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

5

– Іс-шараның негізгі мақсаты – өрттің алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлардың санын азайту, – деп түйіндеді ҚХП өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy