Өзін-өзі реттеу ұйымына біріккен жағдайда тасымалдаушылар мүгедектерге қызмет көрсетуден бас тарта ма?

dep.jpg

Инваткси қызметі қалай бақыланады? Өзін-өзі реттеу ұйымына біріккен тасымалдаушылар мүгедектерге қызмет көрсетуден бас тарта ма? Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкілі Кенжеғұл Сейітжан ҚР Көлік министрлігіне осы сауалдарды қойды.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында парламентшілер автомобиль жолаушылар тасымалы саласындағы бірқатар мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеу ұйымына беруге бағытталған өзгерістерді талқылады.

«Бұл салада өзін-өзі реттеуді енгізу тасымалдаушыларға уақыт талаптарын ескере отырып, қажетті стандарттар мен ережелерді жылдам қабылдауға және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қатысушыларға бақылаудың тиімді нысандарын енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл азаматтарға автокөлік қызметінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға және заңсыз тасымалдауды бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», - деді Қарабаев.

Осы ретте депутат Кенжеғұл Сейітжан мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың құқығын қорғауда мақсатында қосымша сұрақтар қойды.

– Инватакси қызметін көрсететін ұйымдарды қалай реттейсіз? Екінші сұрағым қалааралық автобустарға қатысты. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетпесе қандай шара қолданылады?, - деп сұрады омбудсмен.

Министр инватакси қызметі жаңа түзітулер шеңберінде реттелмейтінін түсіндірді. Сондай-ақ тұтастай алғанда бұл салада проблемалар жеткілікті екенін де мойындады. Мәселен, бүгінде Астананың өзінде көлік тапшылығы өзекті болып отыр.

«Бір жыл бұрын бүкіл Астана қаласы бойынша төрт көлік қана болды. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандар кейде 3-4 күн бұрын кезекке тұруға мәжбүр еді», - деп атап өтті министр.

Осы ретте ведомство басшысы қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылым ерекше бақылауға алынғанын, жағдайдың алдағы уақытта жақсаратынын атап өтті. Жаңа түзетулер керісінше, автобус тасымалдаушылардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетпеуіне қатысты кеддергіні жойып, барлық жолаушылар үшін бәсекелестік пен қызмет сапасын бақылауды күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy