Зорлық-зомбылықсыз өмір

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының Алматыдағы облыстық және қалалық филиалы әйелдерге арналған «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға «Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы» ҚБ өкілдері, сондай-ақ ҚХП Әйелдер қанатының, ҚХП Жастар қанатының жетекшілері және филиалдардың белсенділері қатысты.

Семинар-тренинг біздің қоғамдағы күрделі мәселе – тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге арналды. Бүгінде мұндай құбылыстарды жою үшін елеулі шаралар, оның ішінде заңнамалық шаралар қолға алынуда. Алайда, ТЗЗ құрбандарының құқығын қорғайтын заң қабылдау жеткіліксіз, оның тетіктері мен нормаларын нақты жұмыс істейтіндей ету керек.

Семинардың негізгі элементтерінің бірі «Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері: теориядан тәжірибеге» тақырыбындағы шеберлік сыныбы болды. Ол құқықтық сауатты арттыруға және қатысушыларға құқығын қорғау құралдарын үйретуге бағытталған.

«Іс-шара әйелдерге күнделікті өмірде өз құқығын мен мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруға көмектесетін білім мен дағдыларды нығайтуға ықпал етті. Сондай-ақ, жинақталған тәжірибе арқылы олар тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы тұра алады», - деді ұйымдастырушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy