Алматыдағы Сейсмология институты қолдауды қажет етеді

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова Алматы қаласындағы партия филиалымен бірге Сейсмология институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесті.

Оңтүстік астанада орналасқан Сейсмология институты еліміз үшін өте маңызды салада ғылыми зерттеулер жүргізудің ежелден келе жатқан дәстүріне ие. – Қазақстан өңірлерінің бір бөлігі сейсмикалық-тұрақсыз аймақтарға жатады. Институттың болжамдары жер сілкінісі кезіндегі адам және материалдық шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді. Бірақ, әдеттегідей, бізде ғылым қалдықтармен ғана қаржыландырылады.

– 1989 жылы салынған институт бүгінгі күнге дейін жөндеу көрмеген, – дейді И.Смирнова. – Жаңа құрылғылар соңғы рет 2012 жылы сатып алынды. Ғалымдардың техникалық тұрғыда «қолы қысқа», олар әлі күнге дейін Кеңес заманынан қалған жабдықта зерттеулер жүргізеді.

Қазақстанда барлығы 69 сейсмикалық станция бар. Оның 47-сі Алматыда орналасқан. Еліміздің шығысы, Жамбыл облысы, Түркістан және Батыс Қазақстан сейсмикалық тұрақсыз аймақтарға жататынын ескерсек, бұл өте аз.

– Станциялардың саны, әрине, жеткіліксіз, – деп есептейді депутат. – Ғалымдардың айтуынша, республикаға осындай кем дегенде тағы 250 станция қажет.

Ғылыми қызметкерлердің жалақысы да мардымсыз: шамамен 150 мың теңге. Институт гранттық қаражатпен жұмыс істейді, ал конкурста грантты ұтып алу қиямет-қайым. Жеңіс тіпті, кейде мүмкін болмайды екен

– Бізде үлкен ғылыми әлеует бар, – деп түйіндеді ойын Мәжіліс депутаты кездесу қорытындысында. – Ғалымдар ғылыми дәстүрлерді сақтайды. Әйткенмен, қала құрылысын жоспарлау, құрылыс салуға жер бөлу және көпқабатты тұрғын үй кешендерін салуда ғылыми зерттеулер есепке алынбайды. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту қажет!

Депутат мемлекет отандық сейсмологияға деген көзқарасын өзгертуі керек деп есептейді. Себебі, бізге Түркия мен Сириядағы оқиғалар сабақ болуы тиіс.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy