Денсаулық сақтау саласына өзгеріс қажет

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Эльмира Әуезова Қонаев қаласындағы клиникалық аурухананың ұжымымен кездесті.

– Біздің партия бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын назарда ұстайды. Өзекті мәселелерді Үкіметке жеткізіп қана қоймай, оның шешілуіне ықпал етеді. Жаңа Қазақстанға жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет, – деді Эльмира Әуезова.

Мұнан соң ол Денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерді де тілге тиек етті. – Медицина саласында білікті маман тапшы. Халық Дамумедке тіркелу мен дәрігердің қабылдауына жазылуда кедергі көп екенін айтады, – деді ол. Сондай-ақ партия өкілі білім саласындағы кемшіліктерге назар аударды. Ол мемлекет жастарды тиісінше қолдамайтынын айтты.

– Халық партиясы барлық жастардың тегін кәсіптік және жоғары білім алуын жақтайды. Жеке колледждер, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне ең төменгі жалақы (70 мың теңге) мөлшерінде ай сайын шәкіртақы бекіту қажет, – деді кандидат. Кездесуде сайлаушылар спикерлерге сұрақ қойып, нақты жауап алды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy