«Пейджер деңгейінде!»

Еліміздегі мүгедектігі бар адамдар зағиптарға арналған отандық қосымшаны сынға алды.

Зағип және нашар көретін азаматтарға көмектесу үшін жасалған отандық қосымшаның сапасы сын көтермейді. Әзірлеушілер кемшіліктерін көрмей отыр және өндірген өнімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған стандарттарға сай деп санайды. Мүгедектігі бар адамдар жақын арада мемлекеттік қызметтер порталы арқылы шикі және аяқталмаған өнімді сатып алуға міндеттеуі мүмкін деп қауіптенеді.

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан мәселені Әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры Еркін Сыздық, Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Әлихан Әбілғазинов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов, Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек, тіл саясаты жөніндегі сарапшы Зият Әбдіқайымов, «SEZUAL» МҚБ төрағасы Ғалымжан Ғабдрешов сынды азаматтармен бірлесіп талқылады.

Зият Әбікәрімов бағдарламалық өнім жұмыс істемейтінін және ақылы екенін айтты. «Блокнот» және «Word» мәтіндік редакторларында терілген мәтіннің дыбысы шықпайды, яғни зағип адам оқи да, өңдей де алмайды. Интернетте жұмыс істегенде, бағдарлама мәзірді айтады, бірақ мәтінді, сілтемені, ұяшықты ажыратпайды.

– Бұл қосымшада ең қарапайым функционал жоқ, интерфейстің қарапайым элементтері де табылмайды, – деп атап өтті сарапшы. – Мәтіндік редактор мәтінмен өзара әрекеттесуге мүмкіндік бермейді.

З. Әбдікәрімов шетелде өндірілетін бағдарламаларды мысалға келтіріп, мүгедектігі бар адамдарға арналған қазақстандық және американдық өнімді салыстырды және отандық өнімнің жалғыз артықшылығы оның арзандығында ғана екенін алға тартты.

– Айырмашылық пейджер мен iPhone секілді, – дедді сарапшы. – Бізге пейджер деңгейіндегі балама ұсыныл отыр. Әзірлеуші өз өнімін қорғап бақты. Бағдарламаның кемшіліктерін дипломатиялық түрде айналып өтіп, оның өнімі қазақ тілін көпшілікке насихаттауғды көздейтінін және ең бастысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған стандарттарға сай (Мұны министрлік өкілі жоққа шығарды) екенін мәлімдеді.

– Әзірлеуші өнім стандартқа сай деп санайды, – деді Кенжеғұл Сейітжан. – Шын мәнісінде олай емес. Ол мүгедектігі бар адамдардың сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Біздің мақсатымыз әзірлеушіні сынау емес, сындарлы шешімге келу.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy