Ардагерлердің ерлігі мәңгі жадымызда!

20 желтоқсанда Қазақстан Халық партиясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым!» атты акциясын бастады. Шара ардагерлер, тыл еңбеккерлері, соғыстың куәгерлері (соғыс кезінде бала болған жандар), үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері, азаматтық белсенділер мен жастардың қатысуымен кездесу форматында өтуде.

Осыған орай ҚХП Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Партия мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен жиынға еңбек ардагерлері, ардагерлер кеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар жиналды.

1

«Біз азаттық үшін жанын қиғандардың рухына тағзым етіп қана қоймай, тарихи жадты сақтаудың маңызына да тоқталып өткіміз келеді. Бүгінгі бейбітшілік пен Тәуелсіздік таңына қол жеткізу құны ата-бабаларымыз өте қымбатқа түскенін жас ұрпақ біліп, түсінуі керек», - деп атап өтті ҚХП Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Темірхан Тұрғанбай.

Осындай шараны ҚХП Солтүстік Қазақстан филиалы да өткізді. Жиынның модераторы болған филиал төрағасының орынбасары Болат Қожахметов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы бойынша қысқаша тарихи шолу жасады. Тақырыпты Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин жалғастырып, соғыс жылдарында жүргізілген кәсіпорындарды көшіру туралы айтты. Тыл еңбеккері Владимир Тимошин сол жылдардағы өзінің жеке тәжірибесін бөлісті. Ауған соғысның ардагері Владимир Добрынин де сөз сөйледі. Одан кейін ата-бабасының өмірбаянымен таныстыру мақсатында студенттер сөз алды. Шара соңы соғыс кезіндегі әндер шырқалған концертпен аяқталды.

3

4

ҚХП Қарағанды облыстық филиалында өткен шара мерекелік көңіл күйде, есте қаларлықтай өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерсен Омаров партия мүшелеріне тарихи жадқа адалдық пен патриоттық рухты сезіндірген жиын үшін жылы лебізін білдірді.

6

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy